Понедельник, 04.05.2026, 00:22
Приветствую Вас Гость | RSS

Инклюзивное образование СШ№14

Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 0
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Главная » 2017 » Февраль » 28 » «Табиғат - тіршілік көзі» 6 "Д" сыныбы
08:24
«Табиғат - тіршілік көзі» 6 "Д" сыныбы

Коррекциялық дамытушылық сынып оқушыларымен жұмыс мұғалімнен қалыпты сынып оқушыларымен жұмыс істеумен салыстырғанда екі есе ыждаһаттылықпен, екі есе сезімталдылықпен, екі есе күш сала жұмыс істеуді қажет етеді. Бұл санаттағы оқушылардың физиологиялық даму ерекшеліктеріне байланысты олардың сабаққа деген мотивациясын жоғалтып алмау және тұрақты көтеріп отыру мақсатында мұғалім ұдайы олардың қызығушылығын жақсы деңгейде ұстап отыратын жаттығулар, жұмыс түрлерін ойластырып отыруы қажет.

Міне осы мақсатта мен аталмыш сынып оқушыларымен қазақ тілін өткізу кезінде алуан түрлі жаттығулар кешенін, рөлдік ойындар, сайыс сабағын, карточкалармен жұмыс және т.б. жұмыс түрлерін кеңінен қолдануға тырысамын. Жеке жұмыс істеу, олардың оқуды қабылдау деңгейіне қарай түрлі деңгейлік тапсырмалар беру жұмыстың күнделікті үрдісіне айналған.

Жұмыс тәжірибесі көрсетіп отырғандай, аталмыш балалар сурет салуды қатты ұнатады. Олардың бұл қасиеттерін мұғалім өз жұмысында қолдана білуі керек. Мысалы, белгілі бір тақырыпты өткенде, оқушыларды топтарға бөліп, сабақ тақырыбы бойынша постер қорғатуға болады. Постерге оқушылар тақырыпқа байланысты тірек сөздер жазады, заттардың суретін салады, суреттердің астына заттың атауы жазылады. Бұл арқылы олардың тіл игеру үдерісі жылдам жүреді. Сонымен қатар суретті карточкалармен жұмыс та бұл оқушылардың үлкен қызығушылығын тудырып, олар өте үлкен шабытпен жұмыс істейді.

Сіздердің назарыңызға аталмыш сынып оқушыларымен жұмыс істеу бойынша бірнеше сәттердің суретін беріліп отыр. Соның ішінде суретті карточкалармен жұмыс істеу кезеңі, «Табиғат  - тіршілік көзі» тақырыбы бойынша постер қорғау жұмысы беріліп отыр. 

қазақ тілі  мұғалімі Тасбулатов Б.Ш

 

Просмотров: 465 | Добавил: helen_vlassenko | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Февраль 2017  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728

КГУ СШ№14 © 2026
uCoz